НАМАЗ
НАМАЗ

Оразбек САПАРХАН 

НАМАЗ

 

Жүрекке жүк берер пәнидің аралы,

Тәкбірдің алдында шырылдап…

Қалады.

Алланың,

Пайғамбар, періште сөзімен

Жүректі желпиді Жәннаттың самалы.

 

Хақтың қалауы кітапта жазылып,

Қабыл алынар құлдардың назы да, ұқ.

Миғраж[1],

Ораза[2],

Зекет те беріліп,

Алыс һәм жақыннан жасалып қажылық.

 

Борышым мәні өзге, болмысы көп бөлек,

Жауыммен айқасып,

Дұшпанмен бетпе-бет.

Бақыты жолында пәни мен бақидың,

Жиналып оқылған,

Жекпе-жек.

 

Асқақтап,

Рухың дүр-дүр сілкініп,

Ғайыптан шаттанып, иманмен бұлқынып,

Сәжденің үстінде шаршаған денемен,

Жалғандық әлемде жарқ етіп бір тынық.

2014 ж.

 


[1] Намаз – мүміннің миғражы.

[2] Намаз үсті тамақ желінбейді, сусын ішілмейді.

Оразбек САПАРХАНОразбек САПАРХАН
9 лет назад 4712
1 комментарий
О блоге