Жан рахаты
Жан рахаты

Оразбек САПАРХАН

ЖАН РАХАТЫ

 

Тірлікке келген барша адам,

Шаруасын қуып шаршаған.

Тынымсыз өмір түк болмай,

Мәңгілік жайын аңсаған.

 

Құрарсың мүмкін салтанат,

Бағындырарсың тың белес.

Мәңгілік өмір бар.

Бірақ,

Амалың қанша мұнда емес.

 

Шаруаға кім бар үлгірген,

(Үлгіруга көңіл ділгір ме ең?!)

Адам атаның баласы,

Келіп жатырмыз бір-бірден,

Кетіп жатырмыз бір-бірден.

 

Мүміндер үшін мына өмір,

Жаннатқа, сірә, тати ма?

Жан рахаты мұнда жоқ,

Барзақтан өтсең бақида.

 2012 ж.

("Алғашқы қар" кітабынан)

Оразбек САПАРХАНОразбек САПАРХАН
9 лет назад 4452
0 комментариев
О блоге