Атанның жілігін ұрып сындырған ата (видео)
Атанның жілігін ұрып сындырған ата (видео)

"Білекті бірді жығады" дей тұрғанмен, "күш атасын танымайтыны" - ақиқат. Қазақ халқының өз руханиятын Аллаға жалғап, болмысын таза ұстауының арқасында батыр-бағландары, бекзат болмысты бекзада ұлдары көп болған. Бүгін ғана ғой, өркениеттің бәрі Батыста, діннің бәрі араб пен түрікте, жақсылықтың бәрі басқада, өркениеттің бәрі жатта деп, қағымыздан жеріп жүргеніміз. Болмаса Мәшһүр атамыз айтқандай "Дін да, ғылым да, әулиелік те қазақтың тілінде тұр". Амал қанша, басқаның қаңсығын таңсық көріп, бекзат болмысымызды бағалай алмай жүрміз ғой.

Видеодағы ата деуге жарап қалған ағамыздың атанның жілігін қолымен ұрып екіге бөлгенінен қазақ болмысының бар айбаты, айбыны шығып тұрғандай. Мұндай еркектер қазақтың баябан даласында аз болмаған. Олар жайлы аңыздар ескен желдей ел ішін гулеп, санамызды кеулеп бүгінге жетті емес пе. Құдайға шүкір ет құлағымыз соның біраз шамасын естті... Бүгінде еркектер бір-бірін аңдудан, ұсақтықтан, сөз қуып, атақты масұттанудан арылып, болмысын биіктете бастаса, мүмкін, осындай асыл текті қажыр қайратын қайта табар ма еді, кім білсін....

Оразбек САПАРХАНОразбек САПАРХАН
9 лет назад 3728
0 комментариев
О блоге