Кейде өмір ит пен мысықты да достарстырып жатады. Сонда дейім ғой, қырық пышақ боп қырқыспай, қырық өрім қамшыдай біріге алсақ қой. Қазақтың жеріне, еліне, тәуелсіздігі мен бар байлығына көз алартып отырған іші-сыртымыздағылардың арқасын осып түсер едік. Әттең, аққу-көкке, шортан-көлге, шаян-жерге тартып тұрмай ма.