Ит екеш иттің өзінде мейірім болады екен. Өз нәсілі болмаса да... Жаны ашиды. Өлімге қимайды. Құтқарып қалуға аласұрып, шығар жол іздеп жанталасады. Ал, біз - мұсылмандар ші? Бөлініп, әркімнің шапанының астындан бір-бірімізге әртүрлі "оқ" атамыз. Сыртынан сынаймыз, мінейміз. Керексе әлдекімнің өлімі үшін бәзбіріміз қуанамыз-ау дейім. Аяқтан шаламыз. Арп еткізіп қауып алатымызды айтсайшы. Жерге ұрсақ, мойыннан асырып, екінші тұрмастай етуге бар ынта-жігерімізді саламыз. Алдыға оздырмай тұмсықтан қағуда.... Пай, пай, пай, шеберміз, әй, шеберміз.
Періштеден биік жүргендеріміз де бар шығар. Бірақ, бір-бірімізге иттен де бетер иттігіміз барын, қарғы баулардың күшімен әрең жүргендей күйде екенімізді несін жасырайық. Алла Тағаланың "хаюаннан да бетер" деуі адамдардың осындай иттен бетер иттігіне қаратылса керек-ті. Әрине, Алла бәрін ежелден-ақ білуші ғой. Ойлан, бауырым! Иттен бетер боп жүрген жоқсың ба?