Атанның жілігін ұрып сындырған ата (видео)
"Білекті бірді жығады" дей тұрғанмен, "күш атасын танымайтыны" - ақиқат. Қазақ халқының өз руханиятын Аллаға жалғап, болмысын таза ұстауының арқасында батыр-бағландары, бекзат болмысты бекзада ұлдары көп болған. Бүгін ғана ғой, өркениеттің бәрі Батыста, діннің бәрі араб пен түрікте, жақсылықтың бәрі басқада, өркениеттің бәрі жатта деп, қағымыздан жеріп жүргеніміз. Болмаса Мәшһүр атамыз айтқандай "Дін да, ғылым да, әулиелік те қазақтың тілінде тұр". Амал қанша, басқаның қаңсығын таңсық көріп, бекзат болмысымызды бағалай алмай жүрміз ғой. Видеодағы ата деуге жарап қалған ағамыздың атанның...