МҮМИНДІК МҰРАТ – БАРЛЫҚ САЛАДА ИГІЛІГІН КӨРЕ АЛАТЫН ҚҰНДЫЛЫҚ
Жатбауыр ұғымдар Көкек ана. Тасбауыр әке. Қарттар мен жетімдер үйі. Тастанды бала. Қамқорлықсыз қалған қарттар. Қазақ ұғымына ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында енген құлаққа түрпідей тиетін тұрпайы тіркестер мен жатбауыр ұғымдар. Енді міне, Жалғыз басты аналар үйі мен «Сәби-жәшітер». Жаныңды жабырқатып, сананы сарпалдаңға салатын осы бір құбылыстар үшін жүрек қалай ауырмасын. Ауырғаның не, жер бауырлап жылайды-ай келіп... «Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда» («Әл-Аъраф»:179) деп келер ардақты Құран аяты еске оралады. Қапысыз...