Ит екеш итте де мейірім бар
Ит екеш итте де мейірім бар

Ит екеш иттің өзінде мейірім болады екен. Өз нәсілі болмаса да... Жаны ашиды. Өлімге қимайды. Құтқарып қалуға аласұрып, шығар жол іздеп жанталасады.  Ал, біз - мұсылмандар ші? Бөлініп, әркімнің шапанының астындан бір-бірімізге әртүрлі "оқ" атамыз. Сыртынан сынаймыз, мінейміз. Керексе әлдекімнің өлімі үшін бәзбіріміз қуанамыз-ау дейім. Аяқтан шаламыз. Арп еткізіп қауып алатымызды айтсайшы. Жерге ұрсақ, мойыннан асырып, екінші тұрмастай етуге бар ынта-жігерімізді  саламыз. Алдыға оздырмай тұмсықтан қағуда.... Пай, пай, пай, шеберміз, әй, шеберміз. 

Періштеден биік жүргендеріміз де бар шығар. Бірақ, бір-бірімізге иттен де бетер иттігіміз барын, қарғы баулардың күшімен әрең жүргендей күйде екенімізді несін жасырайық. Алла Тағаланың "хаюаннан да бетер" деуі адамдардың осындай иттен бетер иттігіне қаратылса керек-ті. Әрине, Алла бәрін ежелден-ақ білуші ғой.  Ойлан, бауырым! Иттен бетер боп жүрген жоқсың ба?

Оразбек САПАРХАНОразбек САПАРХАН
1 год назад 845
4 комментария
О блоге