Қытай алмасының кеспірі (видео)
Қытай алмасының кеспірі (видео)

"Кісінікінің кілті аспанда",-дейді халық даналығы. Шеттен келген өнімдерге кім, не қосатынын дүп басып білмейсің. Бұл көкейге күдік ұялатары ақиқат. Мына бір шағын роликте Қытайдағы алманың қорапталу барысы көрсетілген. Мұнда қара түсті белгісіз сұйықтықты алманың сыртына жағып қорапқа салып жатыр. Ол не сұйықтық екенін кім білсін.
Отандық өндірісті дамуына қолдау білдіріп, өз еліміздің өнімдерін тұтынайықшы. "Өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді". Татқанның таңдайында қалатын Алматының шырын апортына жетер алма қайда. 

Оразбек САПАРХАНОразбек САПАРХАН
4 жыл бұрын 2183
0 пікір
Блог туралы